Кентал қашан шаңырақ көтереді?

Dalanews 30 нояб. 2016 01:09 873

Кентал келер жылы отбасын құруға дайын екенін жеткізді. Алайда сүйіктісінің бар-жоғы туралы әзірге тіс жармады. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жуырда Кентал жанұялы болып жатса таң қалмаңыз. Әнші жағымды жаңалықтың шетін шығарды. Отандық бизнестегі сүрбойдақ “Жарым” деп аталатын әнге бейнебаян түсіруді жөн деп шешкен. Бұл жолы да әнші бақытты әкенің образын сомдайды. Келер жылы отызында орда бұзатын әншінің таспалап жатқан бейнебаяны “Жарым” деп аталады. Дәл осы әнді таңдауы да тегін емес. Келер жылы Кентал ақ құсын қолына қондыруға ниеттеніп отыр.

“Аяққа тұсау салынып, жағдайымыз осылай болып жатыр. (Күлді.) Әрине, адам баласы әрекет жасауы керек. Бірақ, әр адамның өз маңдайына жазылған тағдыры болады. Құдай қаласа үйлене жатармыз. 2017 жылы үйленетін сияқтымыз”, – дейді Кентал.

Бейнебаянның желісі Жаңа жыл қарсаңындағы бақытты отбасыны суреттейді. Өмірде басы бос Талғаттың тың туындысында сүйікті жары мен 5 айлық сәбиі бар.  “Кезекті туындым арқылы әрбір ер адамның өз жарын сыйлап, бағалап өмір сүргенін қаладым. Сыйластықта өмір сүрейік”, – дейді ол.  Жарым әнінің музыкасын Кенталдың өзі жазған екен.

 

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости