Кенесарының басын қайтаруға қатысты хатты Мәсімов жауапсыз қалдырған. Неге?

Dalanews 22 июл. 2016 04:30 1369

«Хан Кененің басын қайтарайық» қозғалысының жетекшісі, философ Нұрлан Әміреқұловтың Кенесары Қасымовтың басын қайтаруға қатысты ой-пікірі ойлантып тастады бізді. Шынымен де сөзден іске көшетін кез келгендей. Ойшылдың camonitor.kz сайтына шыққан сұхбатын аударып бергенді әбестік көрмедік. Өзекті тақырыпты көтерген екен. Тек тыңдар құлақ болса…

Соңғы хан 


Хан Кене Үш жүздің баласы бірауыздан сайлаған, елдің іргесін қайта көтермек болып, патшаның құлдығынан құтылғысы келген қазақтың соңғы ханы.
Кенесарының басын қайтару — біздің бабаларымызбен арадағы үзілген байланысымызды қайта жалғайды.

Кенесары 1836 жылы Батыстағы Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісіне қолдау көрсетті. Кейін бұл көтерілістің ұшқыны Орта жүзге жетті. Оның туындауы да тегін емес. Қазақтың жайылым жерін тартып алды. Тынысын тарылтты.

Қазақ орыстан ғана емес, хан-сұлтандардан да жәбір көрді. Ал орыс-казак отрядтары құрылғаннан кейін, қазақ жайылым жер үшін рұқсат сұрауға және бұл үшін патшаның шенеуніктеріне салық төлеуге мәжбүр болды. Өз жерінде жүріп өз жері үшін салық төледі!

1837 жылы Кіші жүзден бастау алған көтерілістің ұшқынын жалғастырып әкеткен
Кенесары өмірінің соңына дейін Ресей мен Қоқан хандығына қарсы, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресіп өтті.

Қазақ Кенесарыға қолдау таныта алмады. Неге? 


Алайда соғыстан әбден қалжыраған қазақ Кенесарыға аяғына дейін қолдау таныта алған жоқ.  Қазір мұны айыптаудың жөні жоқ. Дегенмен дәл қазір бізге,
қазақтарға барды бар, жоқты жоқ деп айта алатын мінез керек…

1846 жылы бұқараның біртұтас қолдауынан айырылған хан Кене өзінің аз ғана жасағымен Шу аңғарына келді. Ол сол тұстары қоқандықтардың тепкісін тартып жатқан қырғыздармен бірігіп, Қоқан хандығына қарсы соғыспақ болады. Бірақ, қырғыз манаптары оған қолдау көрсетуден бас тартады. Мәселе неде?

Бұдан бір жыл бұрын полковник Вишневский Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың элитасын жинап жиын өткізген. Осы жиында бұлар полковникке патшалық Ресейге бағынбай отырған «басбұзар» Кенесарының басын кесіп әкелуге уәде береді.

Кенесарыны кім өлтірді? 


Анығында, хан Кене Романовтар әулетін ғана емес,  сонымен бірге, қазақ пен қырғыздың элитасын да әбден әуреледі.

Оны кім және қалай өлтіргені белгісіз.

Екі нұсқа бар: бірі – Кенесарыны Шу аңғарында қоршап алған казактар отряды өлтіруі мүмкін. Себебі, оның басы үшін патшалық Ресей қомақты сыйақы тағайындаған. Екіншісі – Кенесары қырғыздардың қолынан өлген. Жалпы, оның өліміне қатысты құпия көп.

Белгілісі:
Кенесарының басын Ресейге олжа ретінде  жіберген.

Оның басын алу қаншалықты маңызды еді?


Кенесарының басын алуға сол кездегі орыс патшасы Николай-І қомақты сыйақы тағайындаған. Кенесарының «қазақтарға автономия беріңдер»деген  талабына Николай-І:

— «бір мемлекетте екі патша билік құра алмайды» деп кесіп тастаған.

Анығында, Кенесарының автономия сұрауы тегін емес. Бұл Ресей империясы мен Әбілқайыр ханның арасындағы келісімшартта көрсетілген болатын…

Екіншіден, Кенесары Шыңғысхан мен Абылайдың ұрпағы. Хан дегеніміз бас. Халық дегеніміз дене. Денені басынан айыру – бұл қазақ халқының басын алумен тең дүние. Біз тәуелсіздіктен осылай айырылдық…Ханымыздың басын қайтармай, біз шын тәуелсіз бола алмаймыз.

Осы себепті де
Ресей Қазақстанмен тең дәрежеде қатынас жасауға құлықты емес: олар бізге әлі күнге дейін бодан ретінде қарайды.

Кенесарының басын қайтару мәселесі Үкіметтік деңгейде шешілуі керек еді. Ресейдің өзі осылай деп отыр. Мен бұл туралы Кәрім Мәсімовтың атына хат жолдағанмын. Жауап жоқ.

Анығында, хан Кененің басын қайтаруға өзге-өзге емес, өзіміздің билік кедергі келтіріп отыр. Шенеуніктер «бұлай жасасақ, Ресейдің ашуына тиеміз, мұның салдары ауыр болады,» деп ойлайды. Мәсімов біздің хатымызды неге жауапсыз қалдырды? Өйткені олардың ой-түсінігі осындай. 

Кенесарының басын қайтарсақ, айырылған абыройымыз бен жоғалтқан беделімізді қалпына келтіреміз. Кенесарының басын қайтарсақ, Шыңғысхан, Жошы, Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хан сияқты бабаларымыздың батасын аламыз.

Кенесарының басын қайтаратын күн жақын, әйтсе де…

Дереккөз: kaz.365info.kz


Рекомендовать
Последние новости