Кен үйіндісіне құлап кеткен алты қызметкер Жезқазғандағы медициналық орталыққа жатқызылды – "Қазақмыс"

Dalanews 27 окт. 2023 04:04 910

24 қазан күні екінші ауысымда "Жыланды" кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы "Стакер" жетек барабанын апаттық жөндеу үшін 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген. "Стакердің" таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлап кеткен.

"Қазақмыс" корпорациясының хабарлауынша, барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының медициналық орталығына жатқызылды.

"Қазіргі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі. Оқиғаның себептері анықталуда", – делінген хабарламада.

"Қазақмыс" әлеуметтік желілер мен басқа да медиа пайдаланушыларды "Қазақмыс" компаниялар тобының ресми хабарламаларына ғана сенуге және тексерілмеген, дұрыс емес ақпаратты елемеуге шақырады.

Рекомендовать
Последние новости