Келес ауданында 4 шақырымнан асатын канал күрделі жөндеуден өтті

Dalanews 19 апр. 2021 11:28 990

Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінің шаруаларының ағын су тапшылығы мәселесі шешімін тауып, 4 шақырымнан асатын канал күрделі жөндеуден өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су арнасы 300 гектар көлемдегі егінді жерді сумен қамтамасыз етеді. Күрделі жөндеу жүргенге дейін соның 70 гектары ғана ағын сумен қамтылған болатын.  Енді 300 гектар жер толығыменен айналымға қосылып, игерілді.

Бүгінде егін шаруашылығын дамытуда орасан зор қызмет көрсетуде. Күрделі жөндеу жұмыстары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран Су» КММ мекемесі тарапынан жүргізілген.

Жалпы, Келес ауданында өткен жылы 92 шақырым болатын каналдар мен қашыртқылар механикалық және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Биыл 50-ден астам су жүйелері, ұзындығы 200 шақырымнан асатын су нысандарының сметалық құжаттары әзірленіп, механикалық тазалауға дайын тұр.

Оның 90 шақырымы бірінші кезекте механикалық тазалаудан өткізілетін болады. Ұзындығы 25 шақырымнан астатын Саңырау және Игілік каналдарын күрделі жөндеу жасау үшін сараптаудан өтіп, биыл жөндеу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.

Рекомендовать
Последние новости