Кәсіпкерлерге субсидия берудегі кедергі жойылды

Dalanews 17 янв. 2024 05:32 905

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне Шымкент қаласының кәсіпкерлері Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының іс әркетіне қатысты шағымдар түсірген.

Аталған шағымдар бойынша, Департамент тарапынан Басқармаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, төмендегі мән-жайлар анықталған.

Яғни, кәсіпкерлер жолаушыларды тасымалдау саласы бойынша субсидия алу үшін қызмет көрсетуші Басқармаға өтініштермен жүгінген.

Алайда, Басқарма әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптарын сақтамай, төленетін тиісті субсидияны беруден уәжсіз бас тартқан.

Талапқа сәйкес, қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда, қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жіберуге міндетті.


Өз кезегінде, тексеру нәтижесімен жоғарыда көрсетілген кемшілік бойынша жауапты қызметшінің тәртіптік жауапкершілгі қаралып, кәсіпкерлерге төленетін тиісті 800 млн. теңгеге жуық субсидия тағайындалып, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілген.

Осы ретте, Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Департаменттің басты назарында екендігін жеткізе отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша Департаментке Telegram қосымшасы арқылы (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) жүгіне алатынын мәлімдейміз.

Рекомендовать
Последние новости