Кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылады

Dalanews 15 апр. 2021 10:22 853

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков карантин кезінде кәсіпкерлік нысандарына арналған жаңа «Ashyq» атты мобильді қосымшасын таныстырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

26 сәуірден бастап жұмысын бастайтын «Ashyq» пилоттық жобасына Түркістан облысынан 300-ден аса кәсіпкер қызығушылық танытып отыр.

– Бұл қосымшаның енгізудегі басты мақсат – QR-код және ПТР ортақ базасымен кез келген қоғамдық орынға келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, азаматтың короновирус инфекциясын жұқтырған не жұқтырмағанын анықтайды. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR -кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды.


Кәсіпкерлік нысан келушінің мәртебесін ғана көреді, жасыл, көк, сары немесе қызыл болып көрінеді. Қызыл түс – егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. Сары түс - науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. Көк түс – ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан басқа барлық жерге бару рұқсат. Жасыл түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі, – деді Тимур Арсенұлы.

«Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру керек. Жоба талаптарына сәйкестікті тексерілген соң жеке кабинетте код пайда болады, аталған код арқылы қосымшамен жұмыс істеуді үйрену және сынақ режимінде 1 апта бойы жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Бұл қосымша кәсіпкерлерге өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік бермек.

Рекомендовать
Последние новости