«Қазақстанның жаңа есімі» байқауындағы дауыс беру кезінде бұрмалаушылықтар анықталды

Dalanews 15 апр. 2021 10:44 931

«Қазақстанның жаңа есімі» байқауындағы дауыс беру кезіндегі бұрмалаушылық әрекеті үшін бірқатар үміткер байқаудан шығарылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлер үшін дауыс беру 25 наурыз бен 12 сәуір аралығында https://100janaesim.ruh.kz порталында өтті. Мониторинг барысында белгілі бір үміткерлерге қысқа уақыт ішінде көп дауыс берілгені анықталған.

Мәселен, дауыстарды бұрмалау тәсілдерінің бірі https://profitcentr.com, https://socpublic.com, https://qcomment.ru, https://golospobed.ru және т.б. (скриншоттардың көшірмелері қоса беріледі) мамандандырылған порталдарда ақылы негізде дауыс беру туралы өтініш болды. Сайттың лог-файлында дербес поштаға жатпайтын түрлі электрондық мекен-жайлардан дауыстардың  көп көлемдегі күдікті ағымы көрсетілген, мысалы zywmd@list.ru, w7a5u45cjfzw8fz@bk.ru және т.б.

Құқық бұзушылықтар немесе өзге бұрмалаушылықтар, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды бұрау анықталған жағдайда, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын пайдаланады. Осыған байланысты жобаға қатысуға өтінім берген бірқатар үміткер шығарылды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Жоба заманауи Қазақстанды бейнелеген табысты адамдардың тарихын, олардың түрлі салалардағы жетістіктерін көрсетеді.

Байқау 2017 жылдан бері өткізіліп келеді, биыл 4-ші маусым аяқталады. 2021 жылы қатысуға 2790 қазақстандық өтінім берді. Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және көрнекті қоғам қайраткерлерінен, мәдениет, спорт өкілдерінен және кәсіпкерлерден тұратын беделді қазылар алқасы іріктеген қатысушылар жобаның жеңімпаздары болады. 2021 жылы қазылар алқасының құрамында жобаның өткен жылдардағы  жеңімпаздары да бар.

 

Рекомендовать
Последние новости