"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Freedom Bank арасында жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісім бизнестің инвестициялық мақсаттарына 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 3,5 млрд теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мақұлданған соманың 85%-на дейін (3,5 млрд теңгеге дейін) "Даму" қоры кепілдік береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Даму" қорымен жасалған келісім бизнеске дамуға қосымша мүмкіндіктер береді. Біздің банк экономиканың көптеген саласын қамтитын жобаның қатысушысы болғанына қуаныштымыз. Басым бағыттардың қатарында – ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, өңдеу және кен өндіру өнеркәсібі, білім беру және басқа да салалар. Қаржыландыруды ұсыну бизнеске тек айналымды ұлғайтып, инновацияларды енгізуге ғана емес, сонымен қатар өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік береді", - дейді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Кепілдік алу үшін кәсіпкерлер Freedom Bank-тің ең жақын бөлімшесіне жүгінсе болғаны. Кепілдік мерзімі несие мерзімінің бүкіл уақытына беріледі. Сондай-ақ, несие мақсаты ретінде қайта қаржыландыру да қарастырылуы мүмкін.⠀
"Фридом Банк Қазақстан" АҚ - жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық банкі. Банк ипотекалық несие, автонесие және бизнеске арналған несиелерді алу процесін цифрландырған. Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалы бар. Банк қаржы қызметін, брокерлік бөлшек операцияларды, бағалы қағаздар саудасын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp холдингінің бір бөлігі болып табылады. Бүгіндері холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.