Кәсіпкер туған ауылындағы 20 отбасының балаларына оқуға қажетті жиынтық сыйлады

Dalanews 18 авг. 2021 11:39 976

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының азаматы, кәсіпкер Сәбит Молдабеков жаңа оқу жылы қарсаңында Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кеңсай елді мекендеріндегі тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасының балаларына арнап мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерлестеріне қол ұшын созған азамат Борлысай ауылдық округінде туылған. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын кәсіпкер өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасап жүрген азаматтардың бірі.

Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, жерлестерін ұмытпай, әрдайым демеушілік жасап, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азамат Сәбит Молдабековке жерлестерінің алғысы шексіз.

Рекомендовать
Последние новости