"Картадағы ақшада нелеріңіз бар?". Депутат Үкіметтің әрекетін әшкереледі

Dalanews 03 мар. 2021 10:38 1018

Мәжілістің жалпы отырысында "Ақ жол" фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Мәжілісмен соңғы бір ай ішінде әр жерде мемлекеттік шенеуніктердің ел азаматтарының мобильдік ақша аударымына салық салу туралы бірнеше қарама-қайшы мәлімдеме жасағанын және бұл бастама кәсіпкерлердің кірістерін жасыруға қарсы күрес ретінде ұсынылғанын атап өтті.

Сонымен бірге, "Ақ жол" парламенттік фракциясы кәсіпкерлердің бұл арада салық төлеу міндетінен қашып отырмағанын баса айтты.

Фискальдық органдар тағы да сау басқа сақина тілегеннің күйін келтіріп отыр. Алаяқтарды мақсатты түрде анықтаудың орнына олар "кең ауқымды" әдіспен әрекет етуді жөн көреді, яғни барлығын бірдей мөлшерде: адал кәсіпкерлерді де, қаралық жасайтын кәсіпкерлерді де, тіпті есеп-айырысуда мобильдік қосымшаны пайдаланатын ел азаматтарын да бірдей "сыпырмақшы", - дейді депутат.

Сондай-ақ, ол тәуекелдерді басқару жүйесіне өткеніне көп болғанына қарамастан, бүгіндері жүздеген азаматтар өзіне тиесілі емес автомобильдерге немесе жылжымайтын мүлікке, тіпті жинақталған айыппұлдар бойынша салықтық хабарламалар алатындығына назар аудартты.


Ел азаматтарын шетелге шығармай қоятын жағдайлар жиі кездеседі, не үшін дейсіз бе, ол адамға ескертпестен сот орындаушылары оны тізімге қояды, тіпті салықты, қарызын төлесе де ол адамды борышкерлер тізімінен сызбайды. Соның кесірінен қарапайым азаматтар жүйкесін тоздырып, уақытын жоғалтады, мемлекеттік органның мәліметтер базасындағы деректің жаңсақ екенін дәлелдеу үшін сабылып, сарсылады, құқықтары тапталады, - деп ашуланды депутат.

Мақсат Раманқұловтың айтуынша, пандемия бүкіл елдегі, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларындағы отандық цифрландырудың сәтсіздіктерін көрсетті, ал сіздің органның жағдайы олардан мәз емес.

Бұл сегменттегі жалпы бақылау, әсіресе бұл карталар мен электронды әмияндарды бұғаттаумен және басқа тыйымдармен байланысты болса, ал отандық салық органдарының қолынан басқа ешнәрсе келмейді, бұл тіпті жақсы болады, ал мұндай шаралар қаржы секторындағы цифрландыруға кері әсер етіп, оны нашарлатуы мүмкін. Бұл бөлшек саудагерлерді электронды төлемдерден бас тартуға және мыж-мыж кассалық қағаздарға қайта оралуға мәжбүр етеді, - деді ол бұл тәсіл ШОБ айналымының, әсіресе қызмет көрсету саласының орасан құлдырауына әкелетінін түсіндіріп.

Егер салық органдары шынымен де алаяқтарды ұстап, бюджетті толтырғысы келсе, онда олар адал еңбекпен айналысатындардан емес, жемқор шенеуніктерді ұстап, оффшорлық есепшоттардан халықтан ұрланған қаражатты қайтарып алсын, - деді ол.


"Ақ жол" фракциясының мүшелері Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті салықтан босататынын, ал фискалды органдар, керісінше пандемияға қарамастан "тірі қалғандарды" тұншықтыруға дайын екенін жеткізді.

Қарапайым адамдарға қатысты қолданылса, бұл тәсіл - өте әділетсіз, өйткені салық пайдаға салынуы керек, ал азаматтар карточка арқылы жалақы алады, одан онсыз да салық ұсталып қалған немесе банктерге қайтаруы тиіс несиелері болады.

Сонымен қатар, депутаттар атап өткендей, салықтың жаңа түрін енгізу тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне әкелетінін ескеру қажет. Демек, Мемлекеттік кірістер комитетінің мұндай шарасы қарапайым азаматтарға әсер етпейді деген уәждері шындыққа сәйкес келмейді.

Осыған байланысты "Ақ жол" парламенттік фракциясы Қаржы министрлігінен онлайн ақша аударымдары бойынша салық салу жоспарлары, сондай-ақ нақты экономикалық есептеулер және оны жүзеге асырудың негіздері туралы ресми түсініктеме сұрайды.

Рекомендовать
Последние новости