Алакөл ауданында балаларға арналған «Жалын» лагері бой көтермек

Dalanews 03 мар. 2021 10:41 1550

Алакөл ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Жалын» қала сыртындағы лагері бой көтермек.

Мектепте тоғыз айға созылған оқудан босайтын балалардың жазғы демалысын ата-анасы жоспарлап қояды. Бірі ауылға ата-әжесіне барса, бірі сауықтыру лагерлеріне баруды жөн санайды. Табиғаты әсем де көркем жерде орналасқан лагерь кез-келген балаға үлкен әсер қалдыратыны сөзсіз.

Осы ретте, айдынды Алакөл жағалауында балаларға арналған сауықтыру орынының жұмысы қолға алынып, Алматы облысы бүлдіршіндерінің демалысын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында өңірде жаңа балалар кешені бой көтермек. Аталмыш лагерь жұмысына жауапты Алматы облысы құрылыс басқармасы.



«Жалын» қала сыртындағы балалар демалыс орнының жобасына сәйкес лагерь аумағында 20 орындық бес жатын корпус, бір шығармашылық үй, бір асхана, персоналға арналған жатақхана, бір медпункт, балалар алаңы, балалар қалашығы, спорт алаңдары, қонақ үй салыну жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс бойынша жазғы демалыс кезінде бір маусымда 100 – ден астам баланы қабылдау көзделіп отыр. Ол дегеніміз бір маусым он күн аралығын қамтыса, алты маусымда 600 дей балаға демалуға мүмкіндік жасалады.

Айтып өту керек, демалыс орнына келетін балалар тобы жас ерекшеліктеріне байланысты жинақталады. Бұдан бөлек, құрылыс- монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі осы жылға жоспарланып отыр.



Сондай – ақ, құрылыс жұмыстарына 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде штаттық режимде 47 тұрақты жұмыс орның ашу қарастырылуда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде салынатын жасөспірімдерге арналған «Жалын» қала сыртындағы лагердің жалпы құны 1,109,452,323 млн.тг. құрайды.



Мамандардың айтуынша Ақши ауылы маңында бой көтеретін «Жалын» қала сыртындағы лагерінің ғимараттары мен құрылыстарын қазіргі заманғы талаптарға сай жасақталады.
Бұл өз кезегінде балалардың емін еркін демалуына қолайлы жағдай жасау мен салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Заманауи үлгіде бой көтеретін лагерь келер жылы толығымен аяқталып, жас жеткіншек балалардың игілігіне берілетін болады.

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости