Кәрім Көкірекбаев «БЖЗҚ» Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті

Dalanews 01 июн. 2017 09:36 931

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесіп, облыс халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейі, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту сұрақтары бойынша ақпарат беру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мен Жамбыл облысының әкімдігі арасында қол қойылған Меморандум аясында жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізу көзделді. «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында БЖЗҚ мен жергілікті атқарушы орган арасында әріптестік қарым-қатынас орнатып, ұзақ мерзімді, нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту ұйғарылды. Меморандумға сәйкес БЖЗҚ кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады. Өз кезегінде облыс әкімдігі бұл шараларға белсенді түрде қолдау көрсетеді.

Ресми деректерге сәйкес, Жамбыл облысы халқының саны 1 миллионнан астам адамды құрайды. Бұл ретте, олардың ішінде 526 мыңнан астам адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар. Ал олардың ішінде 275 204 адам (экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың 52 пайызы) жалдамалы жұмыскерлер болса, 225 909 адам (43%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың 87 пайызы немесе 459 мың адамның БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы шоты бар.

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 228,1 млрд теңге болды. Облыс бойынша зейнетақы жинақтарының үлес салмағы Қазақстан Республикасы бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 3 пайызын құрайды. 2016 жылы зейнетақы жарналарының сомасы республика бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы көлемінің 3 пайызын немесе 22,5 млрд теңгені құрады.

Облыс бойынша зейнетақы жинақтарының орташа көлемі 526 мың теңге болды.  Бұл ретте 2016 жылы облыс тұрғынының жүзеге асырған орташа нақты міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) сомасы 6 807 теңге болғанын айта кеткен жөн. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы Қазақстан Республикасы бойынша орташа нақты міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 9 471 теңгені құрады.

Бүкіл республика бойынша БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтары бар. Жамбыл облысында Қордың 13 бөлімшесі – облыс филиалы мен дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы оларда 304,8 мыңнан астам операция жасалды. Жамбыл облысында 139 980 адам ақпарат берудің электрондық тәсілін таңдаған.

2016 жылы салымшыларға (алушыларға) көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылды. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге арналған. 2016 жылы Қор филиалдарының қызметкерлері 15 673 алушымен байланыс орнатты. Жамбыл облысы аумағында 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости