Карантин қашан жеңілдейді? - Министр Цой жауап берді

Dalanews 20 авг. 2021 16:55 898

Қазақстанның кейбір аймақтарында сенбі күнгі локдаунның күші жойылуы мүмкін, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Демалыс күндергі локдаун мәселесіне қатысты "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бізге хабарласты. Егер жағдай біршама түзелсе, онда келесі аптадан бастап сенбіде жеңілдіктер жасауды жоспарлап отырмыз, - деді ОКҚ-дағы брифингіде Денсаулық сақтау министрі.

Ол республикамыздағы ең жоғары аурушаңдық деңгейі Алматы қаласына тиесілі екенін атап өтті. Сондықтан мұнда қатаң карантиндік шектеулер енгізілген.

Алматыда жағдай үрейлі, өлім деңгейі жоғары, аурушаңдық деңгейі республикамыздағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, сондықтан шектеу шаралары қазіргі жағдайға сәйкес келеді. Таразы басында ел азаматтарының өмірі тұр. Біз барлығын егжей-тегжейлі қарап жатырмыз және бірінші мүмкіндікте жеңілдіктер жасаймыз, бизнеске жұмыс жасауға мүмкіндік береміз, - деді министр.

Бұған дейін үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин "қызыл" аймақтағы өңірлерде демалыс күндері локдаун режимі сақталатынын айтты.

...

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың атап өткеніндей карантиндік режимді бұзу тыйылмай тұр.

Ол зардаптардың алдын алу үшін үлкен мейрамханалардың жанына полиция бекеттері орнатылған Шығыс Қазақстан облысын мысалға келтірді.

Оның айтуынша, дәл осындай іс -шаралар Алматыда да қолға алынуда, мұнда жергілікті атқарушы органдар түнгі клубтардың жанына полиция бекеттерін орналастырады.

Бұл арада әркімнің азаматтық жауапкершілігіне жоғары талап қойылады. Себебі карантиндік шараларды бұза отырып, карантинді бұзған әрбір азамат вирустың таралуына ықпал етеді.

Вирустың таралуына ықпал ету, өз кезегінде, біз вирусты мутацияға итермелейміз.


Қазақстан халқын тағы бір мәрте қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, вакцина алуға және барлық шектеу шараларын сақтауға, бұқаралық орындарға бармауға, той-томалаққа қатыспауға шақырамыз, - деді комитет басшысы.

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости