Жириновский: астанасы Алматы болатын Ресейдің Ортаазиялық федералды округын құру керек

Dalanews 02 нояб. 2018 05:17 876



Бұл жөнінде 1 қарашада Тәжікстанда сапармен жүрген Ресейдің Либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) лидері Владимир Жириновский мәлімдеді. Онымен бірге мемлекеттік думаның 20 депутаты барған.






Владимир Жириновский таяу уақытта ЛДПР думаға "Ресей аумағында Тәжікстан азаматтарының ерекше мәртебесі жөніндегі" заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Тәжікстанда жұмыс күші көп, ал Ресейде ақша көп, екі ел осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек.

"Біз Душанбеде болашақ еңбек мигранттарына арналған арнайы мектеп салуды шештік. Бұл мектепте тәжік жастары орыс тілін және арнайы мамандықты оқитын болады. Кейін кез келген жұмысқа орналаса алады", - деді Жириновский.

Ресей саясаткері әлі де Ресейдің Ортаазиялық федералды округы құрылу керек деп есептейді. Оның астанасы - Алматы болу керек дейді. Оған Орталық Азия елдері ерікті түрде қосылу керек деп есептейді.


«Қытаймен, Еуропалық одақпен, Ресеймен  бәсекелес болу үшін, мұндай құрылым құру маңызды», — дейді саясаткер.

Сондай-ақ Владимир Жириновский Мәскеуге оралған соң, Федералды қауіпсіздік қызметіне Тәжікстанның Ауғанстамен шекаралас аймағына 2-3 километр «өлі зона» салуға өтініш жасаймын дейді.

"Осыдан кейін бірде-бір террорист, контрабандист шекараны бұза алмайды",- деген сенімде саясаткер.



Рекомендовать
Последние новости