Жұмысшы мамандықтар жылы: БҚО-да білім мен өндіріс байланысы нығая түсті

Ақтоты Жапатова 28 апр. 2025 20:50 215

Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Батыс Қазақстан облысында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен "Батыс Қазақстан аймақтық желілік компаниясы" ЖШС арасында маңызды келісім жасалды,– деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл ынтымақтастық — энергетика саласына қажетті кәсіби мамандарды бірлесе даярлау, студенттердің тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына жол ашу мақсатында қолға алынды.

Колледж — халықаралық талаптарға сай білім беріп келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Оның дәлелі – WorldSkills чемпионаттарында көрсеткен жоғары нәтиже мен 2024 жылғы түлектердің 91% жұмыспен қамтылу көрсеткіші.

Бүгінгі таңда білім мен өндірістің тығыз байланысы — бәсекеге қабілетті, тәжірибесі мол маман қалыптастырудың басты жолы. Ал мұндай серіктестік жастарға нақты мүмкіндік береді.

 


Рекомендовать
Последние новости