"Жұмыс орындарыңыз кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында". Бектенов бірнеше шенеунікке ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 14 янв. 2026 17:28

Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, "Самұрық-Энерго" және KEGOC ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты.

Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды.

"Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан бәріңіз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жоба белгіленген мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Ешқандай үзіліс болмауы керек. Министр, "Самұрық-Энерго" және KEGOC басшылары, сіздер, әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында", - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove