2025 жылы қазақстандықтар ауызсудың сапасына, су берудегі үзілістерге және тозған су желілеріне байланысты 70 мың шағым жолдаған. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкімет басшысы өңір әкімдіктері мердігер және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, анықталған заңбұзушылықтар бойынша қатаң шаралар қабылдануы қажет.
Сондай-ақ Бектенов коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған Ұлттық жоба аясындағы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануды тапсырды. Атап айтқанда, бірқатар өңірде су құбырларын қайта жаңғырту және пайдалануға беру жұмыстарын жеделдету, су жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету және олардың орындалуына жүйелі бақылау орнату қажеттігін айтты.
