Қазақстанның батысында жүк көліктерін заңсыз тіркеген ҰҚТ ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлікті тексеру туралы жалған актілерді қолданып, "Автоіздеу" ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген.
"Бұл заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген. Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты. Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.