Ж.Түймебаев: "Жастарға арналған интелектуалдық дебат ойындарын көптеп өткізу қажет"

Dalanews 03 дек. 2018 06:42 986

Түркістан облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының хабарлағанындай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы Туған жер бағдарламасы аясында Астана қаласымен және Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарының жастар саясаты мәселелері басқармаларымен екі жақты меморандум түзілген.


Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында да бірқатар жетістіктер бар. Атап айтар болсақ,  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 80 маман баспаналы болып, 315 жас маман жұмысқа орналастырылған екен.

Ал орташа жалақысы  56 725 теңгені құрайтын «Жастар практикасымен» 1120 жұмыс беруші мекемеге 3005 жас маман жолданған. Бұдан бөлек, басқарма басшысы статистикалық мәліметтерді хабарлап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарын баян етті.

Баяндамашыны мұқият тыңдаған аймақ басшысы статистикалық мәліметтермен дайындалған баяндаманың салдарынан арғы жағындағы адам тағдырын көралмай отырмыз деді.

− Облыста жастар саны 800 мыңға жуық, олардың ішінде 65 мыңнан астамы жоғарғы оқу орнында оқыса, кәсіптік-техникалық колледждерде 70 855 студент білім алады. Осы жастарымыздың арасындағы құқықбұзышылық пен өзіне өзі қол жұмсау фактілері өсіп отыр. Орын алған жағдай, жастарға арналып ашылған кризистік орталықтың және мектеп жанындағы психолог мамандардың жұмысының тиімсіздігінің салдары мен облыстық телеарналарда жастар бағытында тәрбиелік мағынасы бар  қызықты бағдарламалардың жоқтығының дақатысы бар, − деді әкім.

Осыған орай, облыс әкімі жастарға арналған интелектуалдық дебат ойындары мен арнайы жастар бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қоса Ж.Түймебаев ешбір облыста біздегі сияқты 12 жоғарғы оқу орны мен кәсіптік білім беретін 90 колледждің жоқ екенін тілге тиек етіп, осы ретте біз бүкіл еліміздің аймағына үлгі болуымыз қажет деп айтты.

Бірінші мәселені қорытындылаған өңір басшысы жастар тәрбиесіне қатысты сала басшыларына, оның ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледж директорларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.


Ал, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында орта арнаулы оқу орындарына ауыл жастарын тартуды, облыс бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда тұрғылықты жұмыссыз жастарды тарту бойынша қала, аудан әкімдерімен бірлескен шаралар қабылдауды, барлық мәдениет үйлері мен клубтарда жастарға арналған үйірмелер ашуды міндеттеді.

 

 

Рекомендовать
Последние новости