"Жошы кесенесінің жанына қалталы адам жерленген" - депутат

Сағыныш Сардарова 16 февр. 2024 11:41 1946

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстанда қасиетті орындарда қалталы адамдар жерленіп жатқанын ашық айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сенатордың сөзінше, кейбір көне қорымдардың орны тіпті базарға айналып кеткен. 

"Сансыз бабтар мекені Сайрамда қастерлі орындар қараусыз жатыр. 8-9 ғасырдан қалған көне қорымның бір шетін базар басып барады", - дейді сенатор.

Ол Ибраһим ата, Қарашаш ана, Қызыр хазірет сияқты тарихи-рухани нысандарды сақтау қажет екенін, бұл үшін көне Сайрам мен Созақтағы рухани ескерткіштерді сақтау ісін Түркістандағы "Әзірет Сұлтан" қорық-мұражайына тапсыруды ұсынды.

Одан бөлек Сенат депутаты Маңғыстау мен Ұлытау облыстарындағы жүгенсіздіктер туралы айтты.

"Жеті жұрт көшкен маңғаз мекендегі қорымдардың қоршау аумағына заңсыз құрылыстар, бейіттер салынып кеткен. Айыппұлы небәрі 30 мың теңге ғана! Ұлытауда Жошы кесенесінің жанына әлдебір қалталы жақынын жерлеп кеткен, енді нысанды ЮНЕСКО тізіміне енгізу мүмкін болмай тұр.

Киелі жерлер шырақшылардың күн көріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналған. Олардың кейбірі тарихи орынды сақтап отырғанымен, арнайы білім, ереже-қағидаттары мен стандарты жоқ. Тіпті ұлтқа ұран болған Бекет ата - жекенің меншігінде! Пір Бекет - бір қазақтың айбары емес, ол - бар қазақтың байрағы! Халықтың рухани қалпын қалыптастырған мұндай тұлғалар мекені құндылық ретінде мемлекет қарауында болуы тиіс!" - деді ол.


Рекомендовать
Последние новости