Жорж Калас Қазақстанға келді

Dalanews 09 июн. 2016 06:04 902

Минералогия, шикізат физикасы мен ғарыш химиясы бойынша Франция ғылым қайраткері, Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры Жорж Калас пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен студенттер арасында өткен дөңгелек үстелде топырақтың ауыр металлдармен зақымдану барысының көкейтесті сұрақтары, сонымен қатар, металлдық түр пайда болуы кеңінен талқыланды.

«Пайдалы қазбалар – тұрақты даму мәнмәтініндегі басты мәселе» тақырыбын талқылау барысында минералды ресурстар саласының белгілі маманы, "Carrière","Ivan Peycheset Dolomieu" ғылым академиясы, Франция геологиялық қауымдастығының "Léon Bertrand" сыйлығының, Ғылым академиясы «Минералогиялық қауымдастығының» Schlumberger компаниясының медалінің иегері Жорж Калас инновациялық жасыл технологияларды енгізу – жаһандық экологиялық мәселені шешудің бірден-бір жолы екенін айтты.

DSC_7601Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығымен кездесуде геоэнергетика саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру қарастырылды. «Француз жоғары оқу орындарының арасында ҚазҰУ-дың негізгі әріптестерінің бірі – Лотарингия университеті. Қазақстан-Француз «Гео-Энергетика» ғылыми-ағартушылық  орталығы базасы келісімі шеңберінде халықаралық деңгейде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Университеттер мамандарды бірлесіп даярлау және инновациялық ғылыми-зерттеу жобаларын жандандыру үшін өз күштерін біріктірді. Жемісті ынтымақтастықтың қорытындысының бірі – қос диплом бағдарламасы», – деді ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы.

ҚазҰУ дамыту жұмыстарының нәтижесін экономиканың нақты секторына енгізуде. Университет ғалымдары Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарының өнеркәсіптік компанияларымен бірлесе жұмыс істейді. ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті Пьер және Мари Кюри университетімен әріптестікті дамытуға, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге жол ашады.

Өз кезегінде, профессор Жорж Калас бірлескен ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды атқаруға қызығушылық танытты. Оның ойынша, Қазақстан пайдалы қазбаларға бай үлкен мемлекет болуы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, геологиялық жер қойнауын кеңінен зерттеуге мүмкіндік береді.

Жорж Калас: «Қазақстан көптеген француз компанияларының қызығушылығын тудыруда. Біз жаңа тәсілдер мен жасыл технологияларды өнеркәсіпте, қолданыста, менеджмент пен өнеркәсіпті ұйымдастыру барысында пайдалану принципі бойынша жұмыс істейтін бизнес қауымдастықтарды тартуға мүдделіміз. Жасыл технология – тұрақты дамудың қағидасы – оның іргетасы болып табылатын инновация», – деді.

Тараптар академиялық ынтымақтастық пен жаңартылатын энергия саласындағы бизнес қауымдастықтарға деген қызығушылық деңгейін арттыруға дайын екендерін білдірді. Кездесудің соңында университет басшылығы Жорж Каласты «ЭКСПО-2017»-де көрсетілетін бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.

 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости