Жолдау жүктеген міндет. Мемсату жүйесі қалай жаңарды?

Жарбол Кентұлы 27 авг. 2024 18:33 4351

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Президент Жолдауда «Мен мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізуді тапсырдым. Сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі» деп нақты тапсырма берген еді. Президент тапсырмасы қалай іске асуда деген заңды сұрақ туындайды.

Dalanews.kz ақпараттық агенттігі бұл мәселеге зерттеу жүргізіп, Жолдауда атап көрсетілген мәселелерді көбі жүзеге асқанына көз жеткізді. Бұл ретте ҚР Қаржы министрлігі Президент тапсырманы тиісті дегейде жүзеге асырып, арнайы заң дайындап, оған Мемлекет басшысының өзі қол қойды.

Мамандар жаңа заңның негізгі мақсаты – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды көздейтінін айтуда.

Жаңа заңнамада нақты төмендегідей  шаралар қамтылған.

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер тізбесін кеңейту (жосықсыз өнім жеткізушілерді сатып алуға жол бермеу мақсатында);

Жеткізушіге қойылатын жаңа біліктілік талаптары (жұмыстарды орындау/қызмет көрсету орны бойынша материалдық/еңбек ресурстарының болуы, қызметкерлер алдында жалақы төлеуде берешектің болмауы және т. б.);

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұлғайту (шарттық міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда тапсырыс беруші ұстап қалады);

Қоғамдық мониторингті енгізу;

Шағым беру тәртібін қайта қарау;

Сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және қысқарту;

Сатып алуда тауарлардың фирмалық атауларын 1000 АЕК дейін көрсету мүмкіндігі;

100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 500 АЕК-ке дейін, ауыл әкімдіктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 4000 АЕК-ке дейін бір көзден сатып алу;

Сатып алу бойынша бірыңғай платформа құру.

Осы ретет заң бастан аяқ жасау тетіктерін енгізуге қатысты нормалармен толықтырылғанын (EPC-келісімшарттар) айта кетуіміз керек.

Сондай-ақ. сыбайлас жемқорлық қаупін азайту және рәсімдерді автоматтандыру мақсатында 2022 жылдан бастап рейтингтік-балдық жүйені пайдаланып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілмекші.

Бұл әдіс конкурстық комиссияның қатысуын болдырмайды, сонымен қатар жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде айқындайды.

Жеңімпазды автоматты түрде анықтауды ескере отырып, мұндай сатып алулардың қорытындылары шағымдануға жатпайды.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау тек қана рейтингтік-балдық жүйені пайдаланылатын конкурспен сатып алынады. Ал 2024 жылғы 1 ақпанынан бастап техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу да осы әдіске көшпекші.

Жалпы, барлық сатып алуларды рейтингтік-балдық жүйені пайдаланылатын конкурсқа барынша көшіру жоспарланып отыр.

Жаңа заңға сәйкес қоғамдық бақылау субъектілері веб-портал арқылы және ондағы ақпарат негізінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг жүргізе алады.

Ал отандық өндірісті қолдау мақсатында отандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі және офтейк-келісімшарттарды қолдана отырып, тауарларды кепілді сатып алу тетігі енгізілді.

 


Рекомендовать
Последние новости