Атырау облысында қайын атасы мен қайын енесін өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға халықаралық іздеу жарияланды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы – күдіктінің жұбайы да халықаралық деңгейде іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, полиция екі адамға халықаралық іздеу жариялаған:
- ер адам қылмыс жасады деген күдікпен;
- әйел адамға, яғни Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кеткен тұлға ретінде.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір отбасы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Полицияға арыз 25 желтоқсанда түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды.
