Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен Шерхан Аймахан ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Egovpress телеграм арнасы ұсынған мәліметке сәйкес, күдікті қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте пышақ жарақатынан қайтыс болған 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Egovpress таратқан мәлімет бойынша, күдікті бойжеткеннің танысы. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның тұлғасы анықталған.
