Осыдан 114 жыл бұрын (1912) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) дүниеге келді.
Ол Верный (қазіргі Алматы) қаласында қарапайым отбасында өмірге келген. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген. 1931-1936 жылдары Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Кейін ірі өнеркәсіп орындарында қызмет етіп, жоғары лауазымға дейін көтерілген.
1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Көрнекті тұлғаның туған күніне орай қызық деректер ұсынамыз:
- Бойы 198 сантиметр болған. 46-өлшемдегі аяқ киім киген.
- Қару-жарақ жинаған, аңшылықты ұнатқан. Жақсы көрген мылтықтары Л.И. Брежнев сыйлаған мылтық және аталарынан мирасқа қалған мылтық болған. Осы екі мылтықпен аңшылыққа жиі шыққан.
- Ол - ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.
- Ғылым академиясына басшылық еткен жылдары 30 рубль жалақысын №1 балалар үйіне қайырымдылыққа берген.
- Испанияның аңшылар ұйымына мүшелік еткен.
- Аңшылықта аулаған аң етін балалар үйіне беріп тұрған.
- Аңның мүйізіне қарап, ұрғашы немесе еркек екенін анықтаған.
- Жауапты қызметкерлерінің есімін жатқа білген.
- Жапонияға жиі сапармен барған, шамамен 84 рет барған. Қазақстанда Бақанас демалыс орнын ерекше жақсы көрген.
- Жұбайымен 50 жыл, 6 ай, 2 күн отасқан. Бұл күндерді өзі санап жүрген.
