Трамп Иранмен жұмыс істейтін елдерге 25% баж салығын енгізетінін мәлімдеді

Көркем Алдабергенова 13 янв. 2026 09:05

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен экономикалық немесе өзге де байланысы бар елдерге қатысты 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізу туралы шешім қабылдағанын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Трамптың айтуынша, бұдан былай Иран Ислам Республикасымен кез келген форматта іс жүргізетін мемлекеттер АҚШ-пен жасалатын барлық операциялар бойынша 25% баж салығын төлеуге міндетті болады.

«Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасымен жұмыс істейтін кез келген ел Америка Құрама Штаттарымен жүргізетін барлық операциялары үшін 25 пайыздық баж төлейді», – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Дональд Трамп өз әкімшілігі Ирандағы жаппай тәртіпсіздіктерді басып-жаншуына жауап ретінде бірнеше нұсқаны, соның ішінде әскери күш қолдану мүмкіндігін де қарастырып жатқанын хабарлаған еді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove