Жыл басынан бері жаңа автокөліктер қаншаға қымбаттады?

Dalanews 03 мая 2022 01:59 1111

Kolesa.kz порталының хабарлауынша соңғы айларда елімізде жаңа көліктердің бағасы тағы да қымбаттағаны мәлім болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басында Қазақстанда аса танымал Hyundai Accent автокөлігі 7,5 млн теңгеден 8,2 млн теңгеге, яғни 9,3%-ға көтерілген. Ал Hyundai Tucson көлігі 7%-ға жоғарлаған. Сол сияқты жаңа Hyundai Elantra автокөлігінің толық комплектациялы нұсқалары 13,5 млн теңгеге дейін қымбаттапты. Қазақстанда жақсы сатылатын Hyundai Sonata көліктері 1,4 млн теңгеге бағасы көтеріп алғаны белгілі болды.

Қалың қазақ несиеге алып, таксишылықпен айналысуға пайдаланатын Chevrolet маркасының Cobalt және Nexia моделдері де 1 млн мен 900 мың теңге аралғында қымбаттаған. Айталық, су жаңа Cobalt-ге 6,5 мен теңге сұраса, қазір оның бағасы 7 млн теңгеден асып кетті. Nexia автокөліктерінің 6,2 млн теңгеден 6,7 млн теңгеге дейін қымбаттаған.

Сол сияқты Kia маркасымен шығатын автокөліктердің барлық моделдерінің бағасы көтерілген. Елімізде танымал Rio седандар 10,2 млн теңгеге дейін қымбаттаса, Kia Sorento кроссовері 22,6 млн теңгеге дейін жоғарлапты.


Ресейдің «Автоваз» компаниясының Қостанайдағы зауытынан шығатын көліктердің де бағасы көтерілген. Жыл басында су жаңа Lada Granta автокөлігін 3,7 млн теңгеге алып келсек, енді ол үшін 4,7 млн теңге төлеуге тура келеді.

Жапондық су жаңа Toyota автокөліктерінің бағасы тіпті аспандап кеткен. Мәселен, Toyota Land Cruiser, GR Sport и LC Prado жол талғамайтын көліктердің бағасы 13,4%-20,8%-ға дейін көтеріліп, 6,8-7,5 млн теңгеге қымбаттаған.

Әр қазақтың арманына айналған Toyota Camry автокөлігінің 2 литерлік стандарт комплектациясының бағасы 17,1 млн теңгеден сатылуда. Оның бағасы 17.9%-ға жоғарлаған.

Күні кеше ғана Үкімет ел азаматтарының автокөлік алу үшін 4%-бен жеңілдетліген автокредит беретінін жария етті. Өз кезегінде бұл да автокөліктің тағы қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости