Жетісуда жиын-терін жұмыстары аяқталып келеді

Dalanews 08 нояб. 2023 12:10 983

Жетісу облысында күзгі жиын-терін науқаны аяқталуға жақын. Бүгінгі күні масақты-дәнді дақылдар, яғни арпа, бидай, сұлы толығымен орылып, 483,9 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарына 18,2 центнерден келді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, себілген 324,4 мың гектар дәнді дақылдардың 309,5 мың гектары немесе 95,4% орылып, 745,0 мың тонна астық бастырылды. Оның орташа өнімділігі гектарына 24,1 центнерді құрап отыр.

Осы орайда күріш, картоп, бақша дақылдары мен көкөніс толығымен жиналып біткен. Атап өтсек, 1,07 мың га жерден 3,41 мың тонна күріш жиналып, орташа шығымы әр гектарынан 32,0 центнерді құраған.

Сол сияқты 7,6 мың га жерден 226,7 мың көкөніс, 1,8 мың гектардан 51,5 мың тонна бақша дақылдары жинап алынды. Картопқа тоқталсақ, 11,9 мың гектардан 245,3 мың тонна жиналып, орташа өнімділік гектарына 206,8 центнерге жетті.


Сол сияқты дәндік жүгерінің 42,0 мың гектары немесе 73,8% жиналып, 257,6 мың тонна өнім алынды. Майлы дақылдардың 67,4 мың гектары немесе 83,6% жиналып, 127,8 мың тонна өнім алынса, қант қызылшасының 7,6 мың гектары немесе 89,4% қазылып, 293,7 мың тонна өнім жиналды, әзірге орташа өнімділік гектарына – 386,0 центнер.

Рекомендовать
Последние новости