Жетісуда жыл сайын 3,3 млн тонна вольфрам кені өндіріледі

Dalanews 24 февр. 2022 11:20 1060

Жетісу өлкесінде минералдық шикізатты өндіріп, қайта өңдеуге басымдылық берілмек. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өзінің алғашқы баспасөз-мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңір басшысы облыстағы  ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.

– Алғашқы ірі жоба – «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіру. Бұл жоспар Бұғыты кен орнында жүзеге асатын болады. Мұнда 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, салдарынан 400 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.  Оның жобалық қуаты 3,3 млн тонна кен өндіруге жетеді, – деді Қанат Бозымбаев.


Жетісу жерінде іске асатын тағы бір маңызды жоба –  «Көксай Мұзбел» ЖШС тау-кен байыту комбинаты.  Мұнда келешекте 25 млн тонна мыс кені қайта өңделеді. Бұл мақсатта 650 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Комбинат іске қосылса 1200 адам жұмыспен қамтылады.

Рекомендовать
Последние новости