Депутаттықтан кеткен Назарбаева «Қаралы қаңтар» оқиғасынан ащы сабақ алғанын айтты

Dalanews 25 февр. 2022 07:14 932

Дариға Назарбаева Парламент Мәжілісінен кетеді. Бұл туралы ол өзінің арнайы үндеуінде жариялады.

 

«Мен бүгін Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық іске толық көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым.

Nur Otan партиясы үшін дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін.

Қаңтардағы қайғылы оқиға бейбіт аспан, Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың үлкен қасіреті.

Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар – босатылуы керек.


Біздің бәріміз, қазақстандықтар, бүкіл қоғамымыз «Қаралы қаңтар» оқиғасынан ащы сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін барлық күш жігерімізді салумыз керек.

Анархия тек қорқыныш пен зұлымдық әкелетінін осы қайғылы күндер көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін, ұлттық егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтау үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек.

Мен өз еліме және елімнің мүддесі үшін қызмет етемін. Бұл үшін лауазымдар қажет емес» – делінген депутат Дариға Назарбаеваның үндеуінде.

Рекомендовать
Последние новости