Жетісуда 13 спорттық-сауықтыру кешені іске қосылды

Dalanews 11 нояб. 2021 17:31 923

Алматы облысында спорт саласы бойынша 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, соның екеуі биыл Балқаш және Райымбек аудандарында пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикер Елбасының 100 спорттық кешен салу туралы тапсырмасына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қолданысқа берілген 13 ДШО-ға қосымша тағы төрт дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Астана күнінде Талдықорған қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ жабық жүзу бассейнін аштық. Қазір мұнда 1126 бала жүзумен айналысады, қосымша тағы 2 мың бала қабылданады. Бассейн салу – әлеуметтік нысандар құрылысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігінің жемісі, – деді Амандық Баталов.

Өз сөзінде спикер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды. Оның айтуынша, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд.теңге бөлінген. 154 қызметтік автокөлік сатып алынуда, қосымша 250 бейнебақылау камерасы орнатылды, тұрғын үймен біріктірілген төрт учаскелік полиция пункті салынды, 16 жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды.

Рекомендовать
Последние новости