Жер сатылмасын: Атырау бастаған іске Алматы ғана нүкте қоя алады

Dalanews 25 апр. 2016 08:14 943

2016 жылдың 24 сәуірі қазақ санасының ресми түрде серпілген, оянған күні. Солай деп санаңыздар.

Болды, бұл процесті енді ешкім тоқтата алмайды. Күні кешеге дейін қазақты қойдан жуас санап келгендер аз болмады. Атыраудағы жердің сатылуына қарсы шыққан халық наразылығынан кейін бұл пікір күрт өзгерді. Өзгеріп қана қойған жоқ, ойлантып тастады. Ендігі жерде әр шешімге деген жауапкершілік, қорқыныш пайда болады. Бұл үлкен жеңіс. Алайда бұл күрестің басы ғана...

Анығында, Атырау бастаған іске Алматы ғана нүкте қоя алады. Алматы «ашуға мінсе» бүкіл геосаяси картинаны өзгертіп жіберетін әлеуеті бар, оны алматылықтар сайлауда анық аңғартты. Билік жағдайда шиеленістіргісі келмесе:
1. Халықпен тез арада мәмілеге келуі.
2. Жер туралы құжатқа вето қоюы.
3. Осы құжаттың лоббистерін ашық жазалауы керек.
Осы нақты үш қадам жасалса ғана қауіптің алды алынбақ...


Рекомендовать
Последние новости