Жемқорлықтан жеріту мақсатында мүшайрасы өтті

Dalanews 12 мар. 2019 08:16 704

Жастарды рухани адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбиелеуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бастау алған «Адал жолды таңдаймыз» марафоны аясында мектеп оқушыларының арасында жас ақындар мүшайрасы өтті.

Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында құқықтық сауаттылық, жемқорлық көріністерін ажырата білетін, «нөлдік» төзімділік қалыптасқан, білімді, бәсекеге қабілетті қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шараға қала мектептерінен 20 оқушы қатысып, «Адал ұрпақ» жайында өз туындыларын оқыса, екінші кезеңде «Өлеңнен өрілген ой» айдарында үміткерлер берілген тақырыптарға сәйкес өлең шығарды, көркемой кестесі мен тақырыпты ашуы, шешендігі, ой жүйелілігі, ұйқасы ескерілді.

Патриоттық тұрғыда өткен шараға қатысқан жас ақындар жоғары деңгейде дайындықпен келген, өз қабілеттерін жоғары деңгейде ашып көрсете білген жас ақындар қазылар алқасы тарапынан алғысқа бөленді.

Айта кетейік, жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны облысымызда алғаш рет өткізілуде.

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтетін болады.

Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

Өз заңын құрметтеп – қастерлейтін, еліне шын берілген Адал ұрпақ – Мәңгілік елдің кепілі.

Рекомендовать
Последние новости