Желіде жасөспірімдер төбелескен видео тарап кетті

Сағыныш Сардарова 10 окт. 2025 15:34

Әлеуметтік желіде жасөспірімдер төбелескен видео тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті мәліметінше, оқиға Астанада болған. 

"Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандарға қоғамдық орында бұзақылық жасау дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мектепте профилактика кеңесінің отырысы өткізілді. Жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылып, жеке профилактикалық жұмыс жоспары бекітілді", - деді ведомство өкілі.

Материалдар кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданған.


Рекомендовать
Последние новости