Жазғы демалыс 2024: алматылық оқушылар қалай демалуда

Жарбол Кентұлы 09 июл. 2024 10:56 2149

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 мыңға жуық бала, жетім балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады, – деп хабарлайды Dalanews.kz..

20 маусымда балалар Қонаев қаласындағы «Балдәурен»лагеріне барды. Қапшағай су қоймасының көркем солтүстік жағалауында «Жанұя» мамандандырылған кешенінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100 бала және Бостандық ауданының мектептерінен 15 бала демалуда.

Сондай-ақ, Жетісу ауданының мектептерінен 76 бала және Медеу ауданынан 155 бала Avat kids camp лагеріне жіберілді. Түрксіб ауданынан келген 263 бала Қонаев қаласындағы Jellyfish Camp лагеріне жіберілді. Бұған қоса, 7 шілдеде «Жанұя» мамандандырылған кешені тәрбиеленушілерінің 80 баласы және «Мейірім» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 12 баласы Avat kids camp лагеріне барды.

Қалған балалардың келуі кесте бойынша тамыз айының соңына дейін жүзеге асырылады. 

Биылғы жылы Алматыда 266 мың баланы жазғы демалыс кезінде демалыспен және жұмыспен қамту жоспарлануда. Сауықтыру демалысымен жетім балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың  балалары 100%  қамтылатын болады.

Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде 3 маусымда 900 бала демала алады. Бұлар - «Жанұя» мамандандырылған кешеннің тәрбиеленушілері, халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары, сондай-ақ конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары.


Рекомендовать
Последние новости