Жастардың даму индексі – жастардың сапалық тұрғыдан жетілуін қамтамасыз етеді

Dalanews 24 авг. 2022 15:26 1629

Бүгінде «Жастар саясаты» деген сөзді жиі еститін болдық. Керек десеңіз жастарды қолдау мақсатында арнайы заң да дайындалды. Қоғамдық-саяси өмірде жастардың орнын айқындау қоғам дамыған сайын араға біраз жыл салып алдымыздан шыға береді. Биыл «Жастар туралы» заңға тағы бірқатар өзгерістер енігілуі мүмкін. Енді осының мәнін көпшілікке түсіндірсек.

Бір заң қабылдап жастарға қатысты мәселені 20 жылға дейін шешіп тастай алмаймыз. Мұны көпшілік түсінуі керек. Сол себепті еліміздегі жастар саясатына қатысты мәселелер әрбір бес жылда айналып соғуымыз заңдылық.

Айталық, жастар саясатына қатысты мәселе қолға алынған сәтте, жастардың сапалы білім алуы, тұрақты жұмыс орындарымен қамтылуы, одан кейін баспанамен қамтылуы рет-ретімен көтеріліп, бұл бағыттағы өзекті мәселелер біртіндеп шешімін тапты.

Атап айтсақ, қазіргі таңда жастардың білім алуына қатысты өзекті мәселелер тиісті деңгейде шешімін тапқан деп нық сеніммен айтуымызға болады. Қазір жастарымыздың дүниежүзінің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуына толық жағдай жасалған.

Бізге мұндай мүмкіндіктер бір күнде орнай салған жоқ. Бұл үшін еліміздің білм беру жүйесі «Болон үрдісіне» бейімделіп, Қазақстанның білім беру жүйесі әлімдік білім жүйесімен интеграцияланды.

Еліміз ең алғаш «Болон үрдісіне» көше бастағанда кеңестік жүйеге әбден бауыр басып қалған азаматтар мұның үлкен қателік, білім беру саласы кері кететінін айтып, өзгерісті қаламыды. Егер біздер Кеңес заманындағы ескі тәсілмен жүрсек қазақ жастары дүниежүзінің түкіпір-түкпіріне барып білім алу мүмкіндігінен айрылар еді.


Міне, білім саласындағы бір ғана өзгеріс жастардың өміріне, ой-санасына қандай өзгеріс жасағанын байқауға болады. Жастар саясатын жетілдіруде жанама салалар да алдан шығып отырады.  Айталық, жастарды баспанамен қамту ісін қолға алғанда бұл бағыттағы жұмыстар қаржы жүйесін де қамтығанын білеміз. Қаржы институттары мен ведмоствалық мекемелер жастарды баспанамен қамтуға қатысты өз жобаларын ұсынып, оны жүзеге асырды.

Қазіргі таңда жастардың баспанаға қол жетімділігі осыдан 10-15 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жеңілдегенін байқауға болады. Сол себепті ол кезде жастардың баспанаға қолжетімділігін арттыу жастар саясатының негізгі тармағы болды.

Ал қазір жастар саясатына қатысты жаңа приоритеттер пайда болды. Сол маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін алдағы уақытта «Жастар туралы» заң жобасына бірқатар өзігерістер мен толықтырулар енгізілмек. Осы ретте кейбіреулерге жастар саясатын қалыптастырудің шегі мен шеті жоқ дүние сынды көрінуі мүмкін. Бірақ мәселеге бұлайша ой жүгірту қателік болар еді.

Бүгінде жастар деген кім екенін анықтап алсақ. «Жастар туралы» заңына қарасақ жасы 14-29 аралығындағы азаматтарды жастардың санатына жатқызуымыз. Қазіргі таңда Жаңа Қазақстанды құрып, дамуға бет түзеп жатырмыз. Дамуға бет алған ел «жастардың білім алуына, баспаналы болу мәселесін шештік» деп тыныш отыруына болмайды.


Қай елде болса да жастар қоғамды дамытушы белсенді күш екені белгілі. Сондықтан келешегінен үміт күтетін ел жастар саясатын ұдайы дамытып, жетілдіріп отырады. Алдағы уақытта «Жастар туралы» заңнамаға Жастардың даму индексі деген ұғым қосылайын деп отыр. Заңнамаға енгізілетін жаңа ұғым жастарға не береді деген сұрақ туындайды. Енді соған соған жауап берсек.

Әңгіме арасында тәуелсіздік жылдарындағы жастар саясаты жастардың білім алу мен әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталғанын айттық. Бір ғана «Болашақ» бағдарламасы жастардың білім деңгейінің артуына орасан зор үлес қосты. Осының арқасында қазір жастарымыз беделді халықаралық компанияларда жұмыс істеп, еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Бір сөзбен айтқанда қазақ жастары әлемдік білім беру жүйесіне кірігіп, өздерін жақсы жағынан толықтай көрсетті. Бірақ мұндай мүмкіндікті қазақ жастарының көпшілігі пайдаланды деп айта алмаймыз.

«Жастар туралы» заңға енгізілетін Жастардың даму индексі еліміздегі жастардың білімі, жеке қабілеті, қоғамдық-саяси көзқарасы, тұрмыстық жағдайына қатысты түрлі сұрақтарға жауап беретін беретін болады. Жалпақ тілмен айтсақ, Жастардың даму индексі деген ұғым елеміздегі жастардың сапалық көрсеткіші деп түсінген ләзім.

Осы ұғым заңнамаға енгеннен кейін еліміздегі жастардың білімі, олардың қаншалықты спортпен айналысатыны, кәсібіи біліктілігін шыңдау үшін тренигтерге қаншалықты қатысатыны, қоғамдық белсенділігі бойынша нақты мәліметтерге ие боламыз.

Бұл мәліметтер не үшін қажет деген сұрақ туындайды. Енді осыған жауап берсек. Жоғарыда тізбектеп айтып шыққан дүниелер бойынша өңірлердегі жастардың сапалық индексін анықтағанда қай өңірде жастарға қандай қолдау көрсету керек екенін бірден айқындауға болады.

Мысалы Алматы қаласында жастардың спортпен айналысуына тиісті деңгейде жағдай жасалған, ал облыстарда жастардың спортпен айналысуына жеткілікті деңгейе жағдай жасалмағаны жасырын емес. Өңірді дамыту бағдарламалары дайындау кезінде жергілікті билік орындары обылыс аумағындағы Жастардың даму индексін басшылыққа алып, әрекет ететін болады. Осыдан кейін өңірлік даму бағдарламасында облысқа қарасты ауыл-аймақтарда спорт нысандарын көптеп салу мәселесі қолға алынады. Дәл осы мәселені білім беру, денсаулық сақтау саласына да қаратып айтуға да болады.


Осылайша Жастардың даму индексі ұғымы еліміздегі жастардың сапалық тұрғыдан бір деңгейде дамуын қамтамасыз етеді. Ауыл мен қаладағы жастар бірдей игілікке қол жеткізуі бұл мемлекеттің дамығанын анық көрсетеді. Қазақстан жастарының бәрі білімді, физологгиялық, рухани тұрғыдан бір деңгейде дамыса, олар өздерінің білімі мен бойындағы қасиеттерін мемлекет дамуына жұмысайды. Өңірлерде бір деңгейде даму орын алады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Жастардың даму индексі анықтаудың маңызы зор екенін түсінуге болады.

Рекомендовать
Последние новости