“Жасыл экономикаға бет бұру…”. Қазақстан көмірсіз күн кеше ала ма? 

Dalanews 15 авг. 2021 16:44 953

Қазақстанда электр қуатын өндіріуге көмір кеңінен қолданылатыны белгілі. Облыс орталықтарында көмір жағып, электр қуаты мен жылу өндіретін кәсіпорындар әлі де көп. Төрткүл дүниеге көз тастасақ, дамыған елдер көмірден бас тартып, «жасыл энергетикаға» бет бұрып жатқанын байқауға болады. Таяу болашақта Қазақстан «жасыл энергетикаға» бет бұрып, көмірден бас тарта ала ма? Бұған қаншалықты қауқарымыз жететді? Осы мәселеге қатысты «Азия даму банкінің» еліміздегі өкілі Нариман Манапбеков жауап іздеп, ой бөліспті. Енді соған назар аударсақ.  

– Қазақстандағы электр энергиясының 70 пайызы көмірдің үлесінде. Бұл қоршаған ортаға оңалмастай зиян келтіруде, – дейді маман. Оның айтуынша, қазба байлықты молынан игерудің экологияға кері әсері бар. Қазақстандағы көмірқышқыл газының көлемі 1990 жылға көрсеткіштен асып түсіп, жылына 400 млн-ға тоннаға жеткен. Қазіргі таңда ірі қалалардағы Жылу электр стансаларының қасында тау болып үйіліп жатқан күлді көреміз. Ұзақ жылдан бері жиналған күл ауаға тарап, қоршаған ортаға кесірін тигізіп жатқаны жасырын емес. Бұл мәселеге Үкімет те көңіл бөліп, қуат көзін өндірудің жаңғырмалы түрлерін дамытуға бет бұрып отыр. Қазіргі таңда аз да болса алға жылжушылық бар. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарға серпін беруіміз керек.

– Егер едел-жедел шара қолданбаса, Қазақстандағы улы газдардың көлемі ұлғая береді. Бұл мемлекеттің «Париж келісімінде» көрсетілген «көмірқышқыл газының үлесін 2030 жылға қарай 15 пайызға төмендету» туралы міндетіне қайшы келеді. Қазақстандағы электр қуаты өндірісінің 70 пайызы көмірге тиесілі. Елдегі ауаның ластануы бірінші кезекте көмір өндірісімен байланысты. Ауаға аса қауіпті көміртегі диоксидін бөліп отырған елдердің арасында Қазақстанда 14-ші орында тұр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы ауаның сапасы сын көтермейді, – дейді сарапшы.


Әңгіме басында Қазақстан электр қуатның басым бөлігін көмір жағып өндіретінін айттық. Ал қазір мемлекетіміз жел, күн көзінен электр қуатын өндіру ісіне шындап қолға алуда. Бұл ретте Қазақстан Үкіметімінің бұл бағыттағы көптеген халықаралық келсімдерге қол қойып, маңызды міндетті мойнына алғаны айқын дәлел болады.

Айталық, атқарушы билік 2030 жылға дейін елімізде өндірілетін қуат көзінің 10 пайызын жаңғырмалы қуат көздерінен өндіруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда оның көлемі 3 пайыздан асады. Бүгінде Алматы, Ақмола, Жамбыл облысында жел электр стансалары көптеп салынуда.

Осы ретте Үкімет ғалымдардың басын қосып, Қазақстанда жел электр стансаларын орнатуға лайықты орындардың картасын жасауы, бұл бағыттағы жұмыстарды нақтылай түскені анық. Егер біздер осы бағытта таймасақ, көмір жағып, электр қуатын өндірудің көлемін біршама азайтатын мүмкіндігіміз бар.

Бүгінде дамыған елдердің көпшілігі көмірден саналы түрде бас тартуда. Айталық, Дания мен Канада 2030 жылы, Италия 2025 жылы, Германия 2038 жылға қарай көмірден толықтай бас тартпақ.  Бейжің де бұл бастамаға қосылған. Қытай 2025 жылдан бастап энергетикадағы көмірдің үлесін 20 пайызға дейін қысқартпақ.

Сарапшы Қазақстан да айналасындағы елдерден үлгі алып, «жасыл энергетиканы» дамытуға күш салып жатқанын алға тартты

Қазір елімізде 30 мыңға жуық шахтер бар. Нариман Манапбеков оларды қайта даярлаудан өткізіп, өзге кәсіпке баулу керектігін айтады. Себебі уақыт өте келе әлем бойынша көмірге сұраныс азаяды. Мыңдаған адам жұмыссыз қалмау үшін Қазақстан үкіметі қазірден қам жасағаны жөн.

– Ол үшін Қазақстан ғылым саласына бөлінетін қаржы көлемін арттыруы қажет. 2019 жылы Үкіметтің ғылыми зерттеулер мен өнертабысқа бағыттаған инвестициясы ішкі жалпы өнімнің 0,1 пайызын ғана құрады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 2-3 пайызға жетеді. Ғалымдарға демеу берсе, олар Қазақстанды экологиялық таза электр қуатымен қамтамасыз етудің жолдарын іздестірер еді. Екінші мәселе, елдегі жер үйлердің көпшілігі, анық айтқанда 30 пайызы әлі күнге дейін көмірді пайдаланады. Бұл бағытта мүлде жаңа концепция керек, – дейді сарапшы.

Оның атап өткеніндей Қазақстанның «жасыл экономикаға» қаржы құяр әлеуеті бар. Қазба байлықтан түскен капиталды көмірсутек өнімдерін бас тарту үшін инновациялық жобаларға бағыттау қажет.

Қазақ елі «жасыл эконоикаға» көшудің Концепциясын 2013 жылы қабылдағаны белгілі. Аталмыш құжат еліміздің жаңғырмалы қуат көздерін дамытудағы басты шамшырақ десек болады.

Мамандардің есебінше, 2050 жылы «жасыл экономиканың» көмегімен Қазақстан ЖІӨ-ін 3 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік алып, 500 мың жаңа жұмыс орындарын құратын болады. Осы межеге жетуіміз үшін еліміз «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған жобаларға жыл сайын 3,4 млрд доллар көлемінде инвестиция құйып отыруы шарт. Сол кезде алға қойған мақсатымыз қол жеткізетін боламыз.


Елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударсақ, Қазақстанның таяу болашақта көмірді тұтыну көлемін азайтып, белгілеген межеге қол жеткізетін әлеуеті бар екенін байқауға болады.

Рекомендовать
Последние новости