Жармалықтар Nur Otan кандидаттарынан Мәдениет үйі мен жол мәселесін шешіп беруді сұрады

Dalanews 25 дек. 2020 07:11 890

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жарма ауданында ШҚО облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов және Жарма аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер – Қайратбек Доғалбаев, Дәулет Шаяхметов, Рысқали Нұралинов, Досхан Балтабаев Шалабай ауылы тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жүргізді.

Кездесу барысында үміткерлер жиынға келген тұрғындарға еліміздегі саяси науқанның мәні мен мақсаты туралы тереңірек мағлұмат беріп өтті.

«Nur Otan» партиясының халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізуінің барысы және  халықтың жағдайын жақсартудағы саяси ұйымның атқарып жатқан шаруасы жайында үміткер-кандидаттар кеңінен әңгімелеп берді.

Пандемия кезінде «Nur Otan» партиясының Елбасының бастамасымен жүзеге асқан акциялар аясында мыңдаған адамдарға көмек көрсетіп, індет кезінде ел азаматтарына үлкен қолдау көрсеткені сөз болды.


Жалпы тұрғындарымен кездесу барысында үміткерлер жоғарыда айтылған мәселелер шеңберінде алдағы жылдары елімізде орта, орта және жоғары білім беру, денсаулық сақтау, сапалы қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету, кәсіптік мамандықтардың беделін арттыру, әлеуметтік салада қабылданатын шаралар туралы ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде тұрғындар Шалабай ауылында Мәдениет үйі ашу, аудан арасын байланыстыратын жол жағдайы реттеуге қатысты өтініш-тілектерін айтты.

Кездесу соңында үміткерлер тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдарды назарда ұстайтындарын айта келе, алдағы уақытта болатын сайлауға бір кісідей атсалысуға шақырып, «Nur Otan» партиясы халықтан қолдау күтетінін жеткізді.

(Материал ақысы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді)

Рекомендовать
Последние новости