Жапондық технология коммуналдық шаруашылықты жаңғыртады

Dalanews 14 июн. 2018 08:20 793

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруды талқылау мақсатында елімізге жұмыс сапарымен келген жапондық Mitsui&Co компаниясының өкілдерімен кездесті. Ынтымақтастық жапондық технологияларды жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға арналған жапондық технологияларды енгізуді қарастырады.



Mitsui&Co компаниясы Mitsui Group ірі холдингінің бөлігі болып табылады. Компания өз қызметін көптеген салаларда жүргізеді және жаңа технологияларды, оның ішінде коммуналдық инфрақұрылымға арналған технологияларды ұсынады. Mitsui Қазақстанда құбырлардың тоттануын қайтаруға және жоюға арналған NMR Pipetector технологиясын ұсынады. Бұл жоба Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларының ТКШ субъектілерінде таныстырылған-ды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысында хабарлағанындай, Mitsui технологиясы бойынша коррозияға қарсы жабдығын Қазақстанда тәжірибелік тәртіпте қондыру жоспарланып отыр. Бұл судың сапасын жақсартады және қызмет ету мерзімін 40 жылға дейін ұзартатынымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, желілерді реконструкциялау мен жаңғыртуға мемлекеттік бюджеттен кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, құбырларды ауыстырып 100 шақым желілерді реконструкциялау 11,6 млрд. теңгеден астам қаржыны талап етеді. Ал жапондық технологияны пайдаланып, аталған қашықтықтағы желілерді коррозияға қарсы жабдықтарды орнату шамамен 618,5 млн. теңгені құрап, 19 есе арзанға түседі екен.

Қазіргі кезде, «ТКШ ҚазОрталығы» аталған технологияны Қазақстан аумағында сынақтан өткізуге арналған пилоттық жобаларды анықтау бойынша Mitsui компаниясымен белсенді жұмыс жасап жатыр.

– Қазақстан – Жапония үкіметаралық комиссиясы аясында шілде айының соңында біз ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз және кейбір өңірлерде пилоттық жобаларды іске асырудың дайындық жұмыстарын бастаймыз. Бастама сәтті аяқталған жағдайда, өндірісті жергіліктендіру мақсатында жабдықтарға қызмет көрсету және Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру бойынша бірлескен сервистік орталықтарын құру қарастырылатын болады, – деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.

Айта кетуіміз керек, Жапония сумен жабдықтау саласында әлемдегі жетекші мемлекет. Мысалы, Токиодағы сумен жабдықтау жүйесі 13 миллионға жуық адамға қызмет көрсетеді, сонымен қатар, ең үздік орталықтандырылған су құбырлары жүйесі болып табылады. Оның жер асты құбырларының ұзындығы жер экваторының жартысын құрайды, ал өзен мен көлдерден шығып су құбырының кранына дейін баратын су шығыны барлығы 3,1% құрайды.

Естеріңізге сала кетелік, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық кешені секторына инновацияларды енгізуге арналған барынша оңтайлы нұсқаларды іздестіру бойынша жұмыстарды белсенді атқарады. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттік емес инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік және шетелдік қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізіп, ең озық және тиімді технологияларды талдайды.

Алтынай КӘРІБЖАНОВА

 

 

Рекомендовать
Последние новости