Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Көркем Алдабергенова 21 авг. 2024 09:20 4814

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады. Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Письма президенту" телеграм арнасында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады. 

Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 


Рекомендовать
Последние новости