Жаңбыршин мен Жұбанов популизммен айналысып жүр ме?

Көркем Алдабергенова 17 мая 2024 14:49 102412

Мәжілістің екі депутаты Еділ Жаңбыршин мен Әділ Жұбанов популизммен айналысып жүр. Бұл туралы ENERGY MONITOR телеграм арнасының авторлары жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Депутааттарымыздың түрі осы. Жаңбыршин мен Жұбанов Мәжілісте мұнай саласына қатысы бар жалғыз депутаттар. Бірақ олардың популизмі күлкіні келтіреді», - дейді ENERGY MONITOR каналының авторы Нұрлан Жұмағұлов.

Ол дәлел ретінде екі видеоны тіркеп қойған.

«Бірінші видеода Жаңбыршин Маңғыстауда төрт ай наразылыққа шыққан Westoil қызметкерлерін қолдайды (наразылыққа дейін). Ең қызығы – Жаңбыршин бірде-бір рет наразылыққа шыққан адамдармен кездеспеген. Ол Қазмұнайгаз Жаңаөзеннің мұнайын делдардарға көк тиынға сатып жүргенін, ал өңірге бір тиын түспейтінін айтқан болатын (бұл – фейк). Оның үстіне ол мәжілісте Табиғи ресурстар (мұнай өнеркәсібі) комитетін басқарады», - дейді канал авторы.

Оның сөзінше, Жұбанов та «оңып тұрған жоқ».

«Ол Атырауға Құлсарыдағы суға батқан үйлерді қалпына келтіру/салу үшін бөлек төлемдер белгілеуді ұсынды, өйткені бұл мұнайлы өлке. Бірақ өзі депутат болғаннан кейін оның компаниясы ондаған миллиард теңге ала бастады. Жұбановтың сөзін естіген құлсарылықтар үйдің шаршы метріне 400 мың теңгеден сұрағаны сол шығар. Бұл дұрыс та шығар, бірақ онда басқа өңірлерге де солай төленуі керек! Бір елде тұрамыз! Ең қызығы құлсарылықтар былтыр жыл соңында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Сол кезде Жұбанов қайда болды екен?», - дейді канал авторы.  


Рекомендовать
Последние новости