Жаңа жоба жастардың ажырасуын азайтуға септеседі

Dalanews 15 янв. 2019 05:30 984

Алматы облысы жас отбасылар арасында ажырасу санын азайтуға күш салмақ. Ол үшін биылғы жылдан бастап облыстағы барлық АХАЖ бөлімдеріне психологтарға 35 штаттық бірлік бөлетін болады. Бұл туралы жуырда облыс әкімі Амандық Баталовтың жастармен өткізген кездесуі барысында айтылды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Дәурен Алдабергеновтің айтуынша, қазіргі кезде облыс бойынша пилоттық жоба ретінде «Бақыт» жас отбасыларды қолдау клубы жұмыс істейді. 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында клуб жұмысының арқасында 23 неке бұзылмай сақталып қалған. Облыстың әрбір қаласы мен аудандарына психолог штатын бөлу бұл жұмысты одан әрі күшейтіп, жас отбасылардың ажырасуын азайтуға мүмкіндік бермек.

Облыс әкімі Амандық Баталов бұл маңызды жобаның жүзеге асырылуына қажетті қолдаулар көрсетілетінін айтты. «Мықты отбасы – мемлекеттің гүлденуінің басты кепілі, сондықтан жас отбасыларға қалыптасу кезеңдерінде барынша қолдау көрсетілуі тиіс», – деді ол.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости