Жамбыл облысында халық толқыды

Dalanews 17 февр. 2016 03:39 948





 Жамбыл облысының Байзақ ауданы Бурыл ауылында кешеден бері ауыл халқы ереуілдеп жатыр. Олар ауылдың 6 жасар баласын аяусыздықпен өлтірген қылмыскердің отбасын ауылдан көшіріп жіберуді талап етіп отыр.

Оқиға осыдан екі күн бұрын болған. Ұлты түрік 15 жасар бала көршілерінікіне ұрлыққа түскен. Оны байқап қалған 6 жастағы баланы пышақтап өлтірген. Қазір күдікті қолға түсіп, ІІД тергеу жұмыстарымен айналысуда. Бейресми ақпарат көздері, кісі өлтірушінің отбасы ауылдан көшіп кеткенін хабарлады. Ауылдың жолы жабылып, полицейлер мен омондар, ҰҚК өкілдері арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

Тұрғындарыдң бірі біздің сұрақтарымызға қысқаша жауап берді.

Ол ауылға көрші елдімекендерден, Тараздан да кісілер келгенін, халықтың қатты ашулы екенін жеткізді. "Билік өкілдері ауылды қатаң бақылауына алды. Қазір жиын өтіп жатыр. Халықтың талабы айуандықпен кісі өлтірген қылмыскерді жазасыз қалдырмау. Билік өкілдері тергеудің әділетті өтетіндігін айтып отыр" дейді.

 

 





Рекомендовать
Последние новости