Ішкі істер саласы мен ҰҚК-ның бюджеті ұлғайды

Dalanews 21 мая 2022 10:56 995

Биыл құқық қорғау органдары мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы 251 млрд теңгеге ұлғайған. Осылайша күштік құрылымдар қомақты қаржыға ие болды. Мұның бірқатар себептері бар.  

Айталық, Марат Ахметжанов басқаратын ҚР Ішкі істер министрлігіның биылғы бюджеті 504,3 млрд теңгені құраған. 2021 жылы ішкі істер саласының бюджеті 331,6 млрд теңгені құраған еді. Осылайша биыл Ахметжанов басқаратын министрліктің бюджеті 172,7 млрд теңгеге ұлғайғанынан байқауға болады.

Ал  Ермек Сағымбаев жетекшілік ететін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің биылғы бюджеті 424,6 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылы қауіпсізді комитетіне 352,6 млрд теңге құйылған болатын. Ал биыл ҰҚК-нің бюджеті 72 млрд теңге жоғарлады.

Сол сияқты биыл ҚР Бас прокуратурасы 50,7 млрд теңге алса, өткен жылы олардың бюджеті 41,03 млрд теңгені құрған-ды. Биыл Берік Аслов басқаратын органның бюджеті 9,67 млрд теңгеге ұлғайған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ҚР Ішкі істер министрлігі материалдық тұрғыдан қатты жапа шеккені анық. Оқиға кезінде тәртіп сақшыларының ғимараттары мен қызметтік көліктері қатты бүлінді. Сол себепті аталмыш министрліктің бюджетінің ұлғаюын түсінуге болады.


Ал ҰҚК жайында олай деп айта алмасың анық. Олар Қаңтар оқиғасы кезінде қатты жапа шекті деп айту қиын. Десек те, Қаңтар оқиғасынан кейін саланы қайта құрылымдау күн тәртібіне шыққаны белгілі. Оның үстіндегі айналамызда орын алып жатқан күрделі ахуалдар да ҰҚК жаңа міндеттер қойып отырғаны белгілі. Сондықтан қауіпсіздік саласына қомақты қаржы бөлінгенін түсінуге болады. Ең бастысы осы қыруар қаржы жемқорлардың жемсауына түсіп кетпесе болғаны.

Рекомендовать
Последние новости