«Нығматулиннің ұлы қызметінен кетті». Ол басқарған компания нарықта монополия орнатты

Dalanews 21 мая 2022 12:48 1070

Мәжілістің экс-спикрі Нұрлан Нығматулинyің ұлы Нұржан Нұрланов «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, оның орнына Ильдар Шамсутдинов тағайындалды.

Нұржан Нұрланов бұл қызметке 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. Қаңтар оқиғасынан кейін оның әкесі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметінен кеткен еді.

Содан бері биліктің жалына мықтап жармасқан Нығмаулиндердің ықпалы әлсірей бастаған-ды. Десекте, Нығматулиндер маңайын топтасқан адамдар өз ықпалын жоғалтпау үшін барын салатыны анық.

Осыған дейін Нұржан Нығматулин басқарып келген «ҚазМұнайГаз-Аэро» «Самұрық-Қазына» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін көптеген компаниялардың бірі болады.

Аталымыш компания 2014 жылы құрылған болатын. Үкіметтің Қауылысымен «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, Ұлттық гвардияға және Төтенше жағдайлар министрлігіне қажетті бензин, дизель отыны, мазут және авиа жанармай жеткізетін бірден-бір компания болып бекітілген-ді.


Яғни, «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы өздерінің өнімін кімдерге сатамыз деп бас ауыртқан емес. Мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті жанармайды алып, сатып алушыға еш қиналмай жеткізіп береді.

Мұндай компанияны университетті жаңадан бітірген кез келген адам басқарып кететіні анық. Сондықтан 2014 жылдан бері Нұржан Нұрланов «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясын дамыту үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті деп айтуға келмейді.

Мұндай компаниялар тұрғанда елімізде шағын және орта бизнес еркін дамиды деп айтудың өзі қиын.

Қазіргі таңда әр облыста жанар-жағармай жеткізу ісімен айналысатын шағын компаниялар бар. «ҚазМұнайГаз-Аэро» сынды компаниялар оларды тұншықтырып отырғаны жасырын емес.

Үкіметтің жекелеген компанияның мүддесін қорғап арнайы Қауылы шығарып, күштік құрылымдардың сол компаниядан жанармай сатып алуын міндеттеп қою нарықтың заңдылығына қайшы әрекет.


Сондықтан қандайда бір қызметті монополиялап алған мұндай компанияларды тарқатып, олардың орнына бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді тарту керек.

Бүгінде әр облыста әскери бөлімдер, шекара және төтенше жағдай қызметі жұмыс істеп тұр. Оларға сол өңірдегі шағын компаниялар жанар-жағармай жетікізіп, беретін мүмкіндік болса, өңірлерде кәсіпкерлік пен бәсекелестік жақсы дамитын еді.

Барлық майлы жілікті «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясына ұстата салудан ұтылмасақ, ұтпаймыз. Сондықтан Жаңа Қазақстанда нарықты монополиялап алған мұндай орын болмауы керек.

Рекомендовать
Последние новости