"Integra Construction KZ" пен World Taekwondo ұйымы серіктестік орнатты: елдер арасындағы сенім көпірі салынды

Ақтоты Жапатова 26 окт. 2025 14:43

Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Әлем чемпионаты аясында World Taekwondo және қазақстандық «ТОО Integra Construction» компаниясы үш жылдық серіктестік келісімге қол қойды. Бұл әріптестік таеквондоны әлемдік деңгейде дамытуға және бейбітшілік, бірлік, инклюзивтілік сияқты негізгі құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Келісімге World Taekwondo президенті доктор Чунгвон Чоу және Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) президенті, «Integra Construction KZ» бақылау кеңесінің төрағасы Кұдрәт Шәмиев қол қойды.

Келісім бойынша «Integra Construction KZ» әлемдік таеквондоны дамытуға, спорт пен әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған World Taekwondo бағдарламаларына қаржылай қолдау көрсетеді.

Қаражат «Баршаға арналған таеквондо» жобаларына, босқындармен ынтымақтастық бағдарламаларына және жастарға арналған білім беру бастамаларына жұмсалады.

Сонымен қатар, серіктестік «Integra Construction» компаниясына 2026–2027 жылдары өтетін World Taekwondo халықаралық жарыстарында кең маркетингтік мүмкіндіктер береді. Брендті әлемді ареналарда, тікелей эфирлерде және цифрлық медиа алаңдарда таныстыру компания үшін маңызды қадам.

Кұдрәт Шәмиев:

«Біз үшін бұл тек спорттық келісім емес, бұл Қазақстан мен Корея арасындағы достық пен өзара сенімнің нышаны. Біз тек инфрақұрылым салмаймыз, сонымен бірге елдер арасындағы сенім көпірлерін құрамыз. Бұл серіктестік Қазақстанның ашықтығын және тұрақты даму мен ESG көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылысын көрсетеді».

Келісім аясында Қазақстан әлемдік таеквондо орталығына айнала береді: 2026 жылы Астанада WT Гран-при финалы және WT Gala Awards салтанаты өтеді, ал 2027 жылы елорда Әлем чемпионатын қабылдайды.

Еске салайық, «ТОО "Integra Construction KZ"» — 1998 жылы құрылған, Қазақстандағы жетекші құрылыс компанияларының бірі. Компания теміржол және автомобиль жолдарын, өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды салу және қайта жаңғыртумен айналысады.


Рекомендовать
Последние новости