Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Рысбаев 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.
- 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды.
- 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының Полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды.
- 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
- 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы
- 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары.