Huawei компаниясы 2022 жылға арналған жылдық есебін жариялап, 2022 жыл бойы тұрақты жұмыс істегені туралы, осы арқылы 642,3 миллиард юань кіріс және 35,6 миллиард юань таза пайда алғаны туралы хабарлайды.
Huawei ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестицияларды ұлғайтуды жалғастыруда. 2022 жылы Компанияның жылдық шығындары 161,5 миллиард қытай юанін құрады, бұл Компанияның жылдық кірісінің 25,1% құрайды, ал соңғы 10 жылда ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған жалпы шығындары 977,3 миллиард қытай юанінен асады.
Компанияның жылдық есебіне арналған баспасөз-конференциясында Huawei Директорлар кеңесінің төрағасы Эрик Сюй: «2022 жылы күрделі сыртқы орта мен нарықтық емес факторлар Huawei қызметіне теріс әсер етуді жалғастырды», - деді.
«Осыған қарамастан, біз бизнестің үздіксіздігін сақтау және тұтынушыларымызға қызмет көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасай отырып, алға жылжуды жалғастырдық. Біз сондай-ақ жиналған тәжірибе көлемін ұлғайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсадық – өркендеуімізді одан әрі жалғастыру үшін және болашақта дамуымыздың негізін қалау үшін тұрақты кіріс ағынын жасадық»
[caption id="attachment_87798" align="alignnone" width="1380"] Эрик Сюй баспасөз-конференциясында сөз сөйлеу барысында[/caption]
Іс-шараға Huawei компаниясының қаржы директоры Сабрина Мэн де қатысты.
Ол: «Біздің қаржылық жағдайымыз тұрақты. 2022 жылдың аяғына пассивтер коэффициенті 58,9%, ал таза ақша қалдығы – 176,3 миллиард юань құрады. Сонымен қатар, біздің активтеріміздің жалпы балансы бір триллион юаньға жетті. 2022 жылы біздің жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындарымыз 161,5 миллиард юаньға жетті, бұл жалпы кірістің 25,1% құрай отырып, Huawei тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды», - деді.
[caption id="attachment_87799" align="alignnone" width="1376"] Сабрина Мэн баспасөз-конференциясында сөз сөйлеу барысында[/caption]
Huawei компаниясы өзінің экожүйе серіктестерімен бірлескен дамудың сенімді жақтаушысы болып табылады және ашықтық пен ынтымақтастық ортақ табысқа әкеледі деп санайды. Компания өзінің HarmonyOS, Kunpeng, Ascend платформаларының және бұлттық шешімдердің мүмкіндіктерін ашуды жалғастыруда, әзірлеушілердің тәжірибесін жақсартуға, сондай-ақ мүмкіндіктер жасауға және барлық бағыттар бойынша серіктестеріне қолдау көрсетуге баса назар аударады. Қазіргі уақытта Huawei компаниясы экожүйеге негізделген инновацияларды ынталандыру және өз клиенттері үшін құндылықтар жасау үшін тоғыз миллионнан астам әзірлеушілермен және 40 000-нан астам экожүйе серіктестерімен ынтымақтасады.
«2023 жыл Huawei компаниясының тұрақты дамуы үшін өте маңызды болады», - деп атап өтті Сюй.
«Huawei компаниясында қажеттінің барлығы – өсу мүмкіндіктері, тұрақты бизнес портфолиосы, бірегей бәсекелестік артықшылықтар, тұтынушыларымыз бен серіктестеріміздің тұрақты сенімі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қомақты қаражат салуға батылдық бар»
2022 жылғы барлық қаржылық есептер «Үлкен төрттік» халықаралық аудиторлық компаниясының KPMG тәуелсіз аудитінен өтті. 2022 жылғы жылдық есепті жүктеу үшін келесі сілтеме бойынша сайтқа кіріңіз https://www.huawei.com/en/annual-report/2022.
Huawei компаниясы туралы
Huawei компаниясы - инфокоммуникациялық және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ ақылды құрылғылардың әлемдік жетекші жеткізушісі. Оның жұмысы – телекоммуникациялық желілер, ақпараттық технологиялар, ақылды құрылғылар және бұлтты қызметтер сияқты негізгі бағыттардан тұрады, бұл ретте Huawei цифрлық технологияларды бизнес үшін де, соңғы тұтынушылар үшін де қолжетімді етуге ұмтылуда, осылайша интеллектуалды, мінсіз байланыс әлемін құруға жақындатады.
Huawei кешенді портфолиосының өнімдері, шешімдері мен қызметтері жоғары сенімділік пен бәсекеге қабілеттілікке негізделген. Экожүйе серіктестерімен ашық серіктестікте жұмыс жасай отырып, Huawei өз клиенттерінің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, олардың коммерциялық әлеуетін қалыптастырады.
Huawei инвестициялардың едәуір бөлігін әлемдік прогреске ықпал ететін іргелі зерттеулер жүргізуге бағыттайды. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания. Ол толығымен қызметкерлердің меншігінде.
http://www.linkedin.com/company/Huawei
http://www.twitter.com/Huawei
http://www.facebook.com/Huawei
http://www.youtube.com/Huawei