Гүл ұрлаған экс-полицей тағы да Қазнет "жұлдызына" айналды

Сағыныш Сардарова 11 мар. 2024 12:18 7419

"Гүл ұрысы" ретінде танымал болған бұрынғы полиция қызметкері тағы да әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды. Қазнетте ер адам әйелдің телефонын тартып алып, оның қайтар дегенін елемейтін видео тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті Еlitar басылымы мәліметінше, видео кейіпкері 2023 жылы Шымкенттегі гүл дүкенінде жөнсіз әрекет жасады деп айыпталған полицейге ұқсайды.

Бұл жолғы оқиға Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Телефонын қайтаруды сұраған әйелге бұрынғы полиция қызметкері күлімсіреп, жауап бермейді.

"Әкел телефонымды. Телефонды алып кел дедім саған! Ішкеніңе төлей алмайсың ғой қазір. ...Мына кісі айтып жатыр ме едіңдер? Ішкеніне төлеп алсын. Менің телефонымды кепілге тастамақшы. Жақсылап телефонға түсірші. Сол гүлге ақша төлей алмайтын жігіт қой", - деді видеода әйел.

Кадрлардан оқиға куәгерлері әйелге көмектескісі келгені көрінеді. Алайда ер адам олардың да сөзіне құлақ аспайды.

“Менің телефоным, соны ала сал. Саған сыйладым. Менде телефон жоқ, көлікте”, – дейді ер адам.

Сонымен қатар, желі қолданушылары бұрынғы полиция қызметкері өткен жолғы әрекеті үшін ешқандай жаза алмағанына және ол басқа адамдардың заттарын алып қоятын әдетін қоймағанына наразы болған.

Айта кетейік, бұған дейін видеодағы адамның Шымкенттегі гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысы болған еді. Ер адам флорист қызға қол көтеріп, ақысын төлемей бір құшақ гүлді алған.

Сол кезде Ішкі істер министрлігі екі бап бойынша кінәліні жауапқа тартуға уәде берді: "тонау" және "салғырттық".


Рекомендовать
Последние новости