Голливуд актері Астанаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға арнайы келді

Жарбол Кентұлы 01 авг. 2024 11:38 1836

Атақты голливуд актері Мадс Миккельсен Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болды. «Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» жұлдызы Қазақстанның астанасына тәнті болып, алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Мадс Миккельсен Астананы жақсы білмесе де, оған қала қатты ұнағанын айтты.

– Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын. Өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі деп сенімді түрде айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді екен. Мен көп ет жедім, оны қанша жегенімді де айта алмаймын, – деді атақты актер.

– Біз Даниядан болғандықтан, Астананы велоспорт командасы арқылы білеміз. Біз Тур де Франсқа барған кезде сіздердің вело командаларыңыз танымал болды. Олардың велосипед жарысын көру керемет болар еді.

Мен көшпенділер ойындарын көріп қана қойғым келмейді. Олардың бір бөлшегі болып, құс ұстап, атқа мінгім келеді, – деді Мадс Миккельсен мырза.

Мадс Миккельсен – Голливуд актері, ол «Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы бүкіл әлемге танымал болған.

 


Рекомендовать
Последние новости